Астана қаласы «EduStream» тіл мектебінің директоры Манат Ргизбаеваның айтуынша, мұғалімдер стреске, күйзеліске жақын маман иелерінің бірі.
Сондықтан олар жұмыс шекарасын белгілей алмай, үлкен қателік жіберіп жатады, деп жазған екен El.kz.
Бізде педагогтер күн-түн демей басшылардың тапсырмасын орындап жүре береді. Бірақ бұлай жұмыс істеу дұрыс емес. Ұстаздарға жеке шекараны белгілеуді үйрену керек. Қызметтен бөлек, мұғалімдердің хоббиінің, қызығушылығының болуы маңызды. Ол стресті жоюдың бір тәсілі,
деді директор.