Әнші Мәдина Сәдуақасованың әр қадамы жұрт назарында. Бұл жолы оның Мәскеуге киіп барған аяқ киімі елдің талқысына түсті. Оқырмандар әншінің аяқ киімін калошке ұқсатты.
«Мәскеуді галошпен кешіп жүрмін дейсіз ғой», «Аяғыңыздағы өзіңіздікі ме?», «Мадина, аяқ киімің огородтқа киюге тамаша екен», «Қанша мыңның аяқ киімі екен? Ауылда 2500 тг-ден түр-түрлі түстісі бар»
деп жазды оқырмандар.
Кейін әнші стористе аяқ киімнің мән жайын айтты.
Менің хит болып жатқан кәлөшім. Жалпы, бұл — Givenchy-дің 2022 жылғы коллекциясының хиті. «Мюли» деп аталады. Іші жып-жылы, қалың, өте ыңғайлы, киіп аласың да жүре бересің. Бұл деген супер аяқкиім. Оның бағасын айтпай-ақ қояйын ба? Қазір жазып қоямын бағасын,
деді Мәдина Садуақасова.
Кейін суретке аяқ киімнің 462 000 теңге тұратынын жазып қойған.
Әнші аяқ киімі шынымен кәдімгі «калошқа» ұқсайтынын мойындаған.
Қазір қарап тұрмын, шынымен де «калош». Өзіміздің «калошімізді» де осылай бренд қылсақ та болады екен ғой. Удай қымбатқа алмай, сұлуынан жылуы да деп бәріміз киіп жүретін,
дейді Сәдуақасова.