60 миллионның жыры.
Елге белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне пәтер сыйлады. Бұл туралы Tengri Life хабарлады.
Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында ұлының 7 жасқа толуына орай жасаған сыйлығын көрсетіп, елге баспаналы болуын тілеп, қуанышты жаңалығымен бөлісті.
60 миллионның сыйлығы. Ұлыма ұнаған пәтерін әпердім. Ұлым сыйлығын көріп, көңілі босап қалды,
дейді әнші.
- Осылай ата-анамызды,балаларымызды,бауырларымызды қуанту бұйырсын!
- Құтты, берекелі үй болсын!
- Құтты болсын! Іші жанға, сырты малға толсын. Бақытты балалық шақ тілеймін, деп жазды оқырмандар.