Галерея

Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр

Бұл көл Алматыдан оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде, Іле Алатауының аумағында, Кіші Алматы шатқалында теңіз деңгейінен 3635 метр биіктікте орналасқан. №6 деп аталып кеткен көл соншалықты үлкен емес. Оның ұзындығы – 280 метр, көлемі – 140 метр, тереңдігі 21 метрге жетеді.

Шымбұлақтан 9,5 шақырым, ал Мыңжылқы бөгетінен 600 метр қашықтықта орналасқан морена көлінде бүгінде 180 мың текше метр су бар. Ауа-райы мен уақытқа байланысты түсі сарғыштан көгілдір-жасыл түске дейін үнемі өзгеріп отыратын бұл судың қайнар көзі Мәншүк Мәметова мұздығы.

Жалпы Алматы маңында биік таулы 45 көл бар, оның 17-сі жіті бақылауда. Соның ішінде №6 көл де бар. Өкінішке қарай климаттың өзгеруімен Іле Алатау мұздықтарының бәрі жаппай еріп жатыр. 2050 жылға қарай осынау тау қырқасындағы 1700 мұздықтың түгеліне қауіп төніп тұр.

Мәншүк Мәметова мұздығы да үлкен қауіп төндіріп тұр.

Яғни мұздық еріп, сел жүру қаупі жоғары. Апатты жағдайларды болдырмау үшін мореналық көлдер алдын-ала тартылады. Су шамадан тыс ағып кетпес үшін, арнайы төселген құбырлар арқылы тартылып отырады. Аталмыш көлге екі құбыр жіберілген, сорғы жұмыс істеп тұрған жерге су құйылады, сосын өз бетімен жіберіледі.

№6 көл Мәншүк Мәметова мұздығының еруінен пайда болған. Мұздықтың мөлшері жаһандық жылынудың әсерінен азайып отырады. Қатты ыстықта еріген кезде көлге секундына 150-200 литр су ағады.

Осы жолы Алматының «Хунта» оқырмандар клубы белгілі мұздыққа саяхат жасады.

«Хунта» оқырмандар клубы.

Алдымен «Медеуге» жетіп, одан кейін «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасымен «Тұйықсу қақпасына» дейін көтерілесіз. Әрі қарай «Мыңжылқы» бөгетіне жету керек. Ол 3100 метр биіктік. Мыңжылқыға жеткен кезде тынығып, күш жинап алу үшін жағдай жасалған. Алтыбақан, дәретхана, екі жабық үйшік, үстел мен орындықтар қойылған.

Фото: instagram.com/_t_manarbekovna_

«Альпинград» шатқалына жетіп, сол жерден Мәншүк Мәметова мұздықты көліне жетесіз. Орта есеппен алғанда, бағыттың ұзақтығы үш-бес сағатқа созылады, бірақ жаяу жүру жылдамдығына да байланысты.

Мәншүк көліне барар жолда тауда қаза болғандарға арналған мемориал ашылған. Ол жерде тек қазақстандықтардың емес, шет елдерден келген альпинистердің де есімдері жазылған.

Шымбұлақтан көлге дейін тек тас жолмен жүруге тура келеді. Сондықтан міндетті түрде қатты табанды аяқ киім киген дұрыс, жылы күрткеше мен бас киім де өте маңызды. Тауға көтерілген сайын, ауа температурасы төмендей береді. Күз мезгілінде шықсаңыз, қар мен бұршаққа тап болуыңыз мүмкін. Өзіңізбен 1-1,5 литр су мен шай, жеңіл тағамдар, жеміс-жидек, шоколад, жаңғақтар, печенье алсаңыз жеткілікті. Көлге жеткен соң табиғаттың әсемділігіне тамсанып, терең демалып, іштей армандарыңызды тілесеңіздер болады. Асықпай жүрек жалғап, суретке түскен соң кері қайту жеңілірек.

Фото: instagram.com/_t_manarbekovna_

Бұл менің бірінші рет Мәншүк Мәметова көліне баруым. Жол ұзақ болды. Ауа райы мың құбылды. Шымбұлақтан көтерілген кезде күн шығып, салқын жел соқты. Ал көлге жеткен кезде қатты бұршақ жауып, күн бірден суытты. Дегенмен бұл ең қызықты серуендердің бірі. Бар-жоғы 22 километрді бағындырып, 34 мың қадам жасадық.

Бұл көлге Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілген.

Сая Манарбековна

View Comments

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago