Риддердегі ЖЭО-дағы тағы да істен шыққан алтыншы қазандықты қалпына келтіруге бір тәулікке жуық уақыт қажет. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшоқалов ҚР Парламенті сенатының кулуарында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, мұндай апаттарға станциядағы барлық құрыл-жабдықтың тозуы себеп болып отыр.
Бүгін түнде алтыншы қазандықтан тағы да тесік табылды. Оны мүмкіндігінше тезірек бітеу үшін уақыт қажет. Мұның барлығы техниканың тозығы жеткенінен. Бұл басшылыққа емес, станция қожайындарына қойылатын сұрақ болса керек. Қазір сонымен айналысып жатырмыз, бұл заңды мәселе. Енді ең бастысы температураны көтеру. Енді апаттың мән-жайын түсініп, тез қалпына келтіру үшін уақыт қажет,
деді министр.