3 қаңтарда Талғарда жантүршігерлік оқиға болды. 22 жастағы жігіт бұрынғы сүйіктісінің үйіне кіріп, оны күшпен алып кеткен. Кейін аяусыз соққыға жыққан.
Онымен сөйлесіп жүргенін біреуге айтса, ата-анасы мен әпкелерін өлтіремін деп қорқытты. Оны көлікпен Алатау тас жолымен қала сыртына шығарып, ұрып-соғып, денесіне зақым келтіріп, мұрнын сындырып, бетін тілген, жалаңаштап, оның өміріне қастандық жасаған. «Менімен бірге болмасаң, онда басқа ешкіммен бірге болмайсың» деген. Оған не істегенін бәрі көруі үшін оның соққыға жығылған суретін Instagram парақшасына жариялады,
дейді қыздың әпкесі.
Агрессор қызды үйіне түнгі екіде әкелген. Қыздың анасы мен әпкесі дереу жедел жәрдем шақырған. Қазір зардап шегуші ауруханада жатыр. Ал агрессорды полицейлер ұстап әкеткен, қазір ол тергеу изоляторында.
Іс тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында.