Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында бензин мен дизель бағасына қатысты мәлімдеме жасады.
Бұл оңай шешім емес, бұл шешімді қабылдауға мәжбүр болып отырмыз. Егер жақын арада бұл шешімді қабылдамасақ, мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз,
деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов Қазақстанда жан басына шаққандағы дизель отынын тұтынудың деңгейі өте жоғары — жылына 370 литр екенін атап өтті. Мысалы: Ресейде — 225 литр, Қырғызстанда — 98 литр, Өзбекстанда — 44 литр немесе 8 есеге төмен. Сонымен қатар, біздің елімізде тұтыну деңгейі өсу қарқынымен өсіп жатыр.
Бұл көрші елдерге транзиттік көлікпен және «сұр» экспорт түріндегі жанар-жағармай экспортталуымен байланысты,
деді премьер-министр.
Еске салайық, кеше энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов бензин мен дизель отынының қымбаттағанын мәлімдеген болатын.