Мақпал Жүнісованы түннен бастап жақындары, достары мен жанкүйерлері құттықтай бастады.
Ал Жанар есімді жанкүйері сүйікті әншісіне ерекше тосынсый жасаған.
Ол ескі кадрлардан видео жасап, көпшілік назарына ұсынған. Кадрдан жап-жас Мақпал Жүнісованы, оның сұхбаттары мен сахнадағы өнерін көруге болады. Ал видео әншінің «Жылдар-жылдар» әнімен сүйемелденген.
Өнер иесі жанкүйеріне алғысын айтып, видеоны парақшасында бөлісті:
Жанар жанкүйерімнің құттықтау видеосына үлкен рақмет, Жанаржан, отбасыңмен ғұмырлы болыңыздар!
деп жазды Жүнісова.
https://www.instagram.com/reel/C17oxOWMfx9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==