Танымал әнші Мақпал Жүнісова қызына мұраға қалдыру үшін қаражат жинап жүрген жоқ. Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. Жүнісова қызына мұраға тек үйін қалдыратынын жасырмады.
«Өзімнің қызыма көк тиын жинаған жоқпын. Қызым «Сен маған ақша жинап жатырсың ба?» дейді.
Мен оған «Қызым неге мен саған ақша жинауым керек» дедім. Менің әкем маған ақша жинаған жоқ. Әкем шопыр болған. Олар мені өмірге әкелді, оқытты, соған тәубе.
Дайындап берсем, өзің қиналасың. Бәрі уақытша, мен мәңгілік емеспін. Сен қазірден бастап өзіңе жоспар құр. Өзің «Қай жағы маған ыңғайлы», «Қалай ақша табамын» деп ойлануың керек. Төрт тіл біледі екенсің» дедім.
Сосын ол ағылшын тілінен сабақ беріп, жұмыс істеді. Айына 140 мың теңге алды. Бірінші рет ақша тапты. Қуанып келеді, өзі үйренді. Қазір маған ондай сұрақ қоймайды», — деді Мақпал Жүнісова.
Алайда қызына мұраға үйін қалдыратынын айтты.
Сондай-ақ әнші көп тойда тегін өнер көрсететінін жасырмады. Айтуынша, туған-туыс, құдалықта ол тегін ән айтып, туғандарын қуантып қоюды жөн көреді.