Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлағандай, жүргізілген талдау нәтижесінде Маңғыстау облысының мектептерінде жалған дипломды пайдаланудың 9 дерегі анықталды.
Нақты айтқанда:
- Аққұдыс орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (жалған құжат пайдалану) жауапқа тартылды.
Қарақия аудандық сотының шешімімен мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
- Ақтау қаласындағы 2 мектепте анықталған (қазақ тілі және қазақ әдебиеті)
- Жаңаөзенде 3 мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі)
- Мұнайлы ауданының 2 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі)
- Бейнеу ауданының 1 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі).
Осы мектептер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде,
деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.