Маңғыстаулық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Маңғыстаулық жеті дүркін әлем чемпионы Ильдар Ягьяев стритлифтинг және воркаут спорт түрінен жаңа әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Гиннестің рекордтар кітабына енуіне спортшының 2021 жылы Киев қаласында стритлифтинг пен воркаут-рекордтардан әлем чемпионатында көрсеткен жетістігі, орнатқан рекорды себепші болды.

Спортшы  40 фунт салмақтағы ауырлықпен екі қолмен 10 рет белтемірге тартылып рекорд орнатқан болатын. Ильдар 19 қыркүйек күні Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификатын алған.

Спортшының айтуынша, нәтижені тіркеуге өтінішті шамамен жеті ай бұрын жіберген.

Кейде өтінімді қарау жарты жылға созылады. Мен өзімнің нәтижем туралы видеоны Гиннестің рекордтар сайтына жібердім. Бекітуге үш ай қажет болды. Кейін менің рекордым тіркелді. Рекордшылар тізімін шынымен толықтырған Сертификат Лондоннан жіберілді. Ол маған бір айға жуық келді. Ал 19 қыркүйекте мен оны алдым,

деді спортшы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

15 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago