Путиннің өзі бірінші окопқа барып жатсын: Орыстар жаппай ереуілге шықты

22 қыркүйекте түнгі сағат 01.30-дағы мәлімет бойынша Ресейдің 38 қаласында ереуіл өтті. 1400-ден астам адамды полиция ұстап әкеткен.

Владимир Путин елде ішінара әскерге жұмылдыру басталатыны туралы жарлыққа қол қойған соң, Мәскеу мен Петербор бастаған ірілі-ұсақты қалаларда халық жаппай ереуілге шықты.

Жұрт: «Балаларымызды, еркектерімізді өлімге жібермейміз. Әуелі, Путиннің өзі бірінші болып окопқа барып жатып көрсін. Володин бастаған Думадағылар майданның алдыңғы шебіне өздері бірінші шықсын. Соғысқа жол жоқ. Мобилизацияға рұқсат жоқ«, — деп жатыр.

Путиннің полициясы ұрда-жық. Митингке шыққандарды ұрып-соғып, ұстап әкетіп жатыр. Басы жарылған, көзі көгерген, қолы сынған т.б. жендеттерден таяқ жегендер көп.

Дума өздеріне тиімді етіп, шешім шығарып алған. «Депутаттар майданға бармайды. Себебі, олардың артында мыңдаған халықтың аманаты тұр. Біз Думаға керекпіз», — деген.

Халық наразы. Путиннің жеке амбициясы үшін мыңдаған адамның өмірі бекер қиылатынына наразы. Путин мен Шойгудың өтірігіне наразы. Ал бұл наразы халық Кремльге өзгеріс жасай ала ма? Кремльде өзгеріс жасау үшін Ресейдің ірі олигархтары араласуы керек. Ірі көлемде ақша құйылмаса, ешқандай митингтің нәтижесі болмайды. Бұл факт. Ал Кремльдің ауласынан жем жеп, қалтасын қампайтқан Ресейлік олигархтар әзірге Путинге қарсы шықпай отыр.

Қазір түрмеде отырған оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары мен соғысқа қарсы көзқарас танытқан қозғалыстардың өкілдері жаппай жұмылдыруға наразылық танытып, елді ереуілге шақырған.

Ел астанасы Мәскеудің прокуратурасы жаппай наразылық акциясына қатысу заңға қайшы әрекет екенін ескертіп, алаңға шығуға үгіттегендер мен шыққан азаматтар 15 тәулікке дейін қамалатынын мәлім еткен.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 21 қыркүйек күні Владимир Путин елде ішінара жұмылдыру науқаны басталатынын хабарлаған болатын. Жарлыққа қол қойылған соң Ресейдің қалаларынан алыс-жақын шетелге ұшатын әуе билеттері әп-сәтте сатылып кеткені анықталды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago