Ресей сарбаздарды соғысқа шақырып, БҰҰ Жарғысын бұзды – Байден

АҚШ президенті Джо Байден Ресей «БҰҰ Жарғысын бұзды» деп айыптады.

АҚШ президенті Ресей Украинаға қарсы ашық соғыс жариялап қана қоймай, оның аумағын басып алуға тырысып, жалған референдум ұйымдастырды деп айыптады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі егемен мемлекетті әлем картасынан өшірмек болып көрші елге басып кірді. Қазір Ресей соғысқа сарбаздарды көбірек шақырып жатыр, Кремль Украинаның кейбір бөліктерін аннексиялауға әрекет жасап, жалған референдум ұйымдастыруда. Ресей БҰҰ Жарғысының негізгі ережелерін өрескел бұзды. Бұл жерде көрші елдер аумағын күштеп басып алуына нақты тыйым салудан маңызды ештеңе жоқ,

деді АҚШ президенті.

Байден БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымына терең реформа жүргізуді ұсынды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, соның ішінде Америка Құрама Штаттары, БҰҰ Жарғысын дәйекті түрде қорғауы керек және Кеңестің беделді және тиімді болып қалуы үшін сирек кездесетін төтенше жағдайларды қоспағанда, «вето» құқығын қолданудан бас тартуы керек. Сондықтан Америка Құрама Штаттары Кеңестің тұрақты және тұрақты емес өкілдерінің санын көбейтуді қолдайды,

деді ол.

Байден АҚШ-тың бұл соғыстың аяқталуын қалайтынын да айтып, егеменді мемлекеттерден аумақты күшпен тартып алуға ешкімнің құқығы жоқ екенін ескертті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago