Нью-Йоркте өршіп бара жатқан маймыл шешегімен күресу үшін үш жаппай егу пунктері ашылды, деп хабарлайды Breitbart News басылымы.
Денсаулық сақтау комиссары Эшвин Васан 500-ге жуық адам жұқтырған осы вирустың таралуымен күресіп жатқанын айтты. Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналайтын үш пункт, бес ауданда ашылды. Оларға тек алдын-ала жазылып қана баруға болады. Олар Квинс авиациялық орта мектебінде (бұрын Манхэттен авиациялық мамандықтар мектебі деп аталды), Бруклиндегі Бушвик орта мектебінде және Бронкстегі ғылымды тереңдетіп оқытатын орта мектепте орналасқан.
Жұма күні қалалық онлайн-порталда 9 мыңнан астам вакцина қолжетімді болды, бірақ олар бірнеше минут ішінде толығымен брондалды. Денсаулық сақтау министрлігі осы аптада федералды үкіметтен 4 мыңға жуық қосымша вакцина дозасы келеді деп хабарлады.
Бізге дәл осы Бронкте ресурстар ауадай қажет. Ауру деңгейі өте ауыр болғандықтан, қазірден бастап індеттің алдын алу керек,
деді Норвуд тұрғыны Лу Эспинал CBS есебінде.
.