Bloomberg ақпараттық агенттігі Қазақстанды Ресей президенті Владимир Путиннің «артқы ауласы» деп атады.
Әлеуметтік желілерде Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары туралы хабарламасын агенттік «Макрон Путиннің артқы ауласына жаңа достар мен уран іздеп келді» деген тақырыппен сүйемелдеді.
Қазақстандықтар жарияланымның астындағы пікірде америкалық агенттікті шабуылдай бастады.
Сіздер шынымен әлемде жер көлемі тоғызыншы орынды алып жатқан, әлемде уранның ең мол қоры бар, әлемде бейбітшілік орнату үшін ядролық қарудан бас тартқан елді Путиннің артқы ауласы деп атадыңыз ба?
деп жазды қолданушылардың бірі.
Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан «Путиннің артқы ауласы» емес, өзінің ұлттық мәдениеті мен өзіндік ерекшелігі бар тәуелсіз егемен ел екенін еске салды.
Біздің өңірді «Путиннің ауласы» дей отыра сіздер кеңестік террордан, сондай-ақ ресейлік отаршылдықтан зардап шеккен миллиондаған адам мен ұрпақты қорлап отырсыздар. Ресей тарапынан Украинада жалғасып жатқан соғысты ескере отырып, күн сайын жасалатын әскери қылмыстармен бірге, басқа егеменді жерлерді әскери қылмыскердің «ауласы» деудің өзі қатыгездік және отаршыл сана-сезімнің салдары,
деді тағы бір комментатор.
Айта кетейік, Макрон Қазақстанға 1 қарашада бір күндік сапармен келіп кеткен болатын.