Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті құжатты Ашық НҚА (нормативтік құқықтық акті) порталына жариялаған. Ол енді 20 қазанға дейін талқыға түседі, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Ол қалай анықталады?
Егер, азамат соңғы 6 айда ойын бизнесін ұйымдастырушының есеп шотына 300 мың теңгеден астам соманы үш реттен көп аударса, онда мұндай тұлғаға несие берілмейді.
Мұндай шектеу 10 және одан да көп төлем карточкаларының иелеріне, құмар ойындарына немесе бәс тігуге қатыстырылмайтын тұлғалардың тізіміне енгізілгендер мен 21 жасқа толмаған азаматтарға қолданылуы мүмкін.