Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Маржан Арапбаева 2002 жылы «Жас Қанат» байқауына қатысқаннан кейін елге таныла бастады. 20 жыл ішінде әншінің бет-бейнесі адам танымастай өзгерді. Бүгін біз әртіс қалай өзгергенін еске түсіріп көрмекпіз.
Маржан Арапбаева «Азия Дауысы», «Славянский базар» байқауларының жүлдегері. Ресей әншісі Николай Басков Маржан Арапбаеваның даусына тәнті болып, кейін тіпті дуэт орындауға ұсыныс білдірген.
Маржан Арапбаеваның «Соңғы вальс», «Қазақстаным», «Арманыма асығып барамын», «Сол ма?», «Иә, солай» әндері нағыз хит болды. Әнші көптеген мемлекеттік жиын-тойларда өнер көрсете бастады.
Еркін Мәуленмен орындаған дуэті «Гүлсезім» әніне жаңа дем берсе, Қайрат Баекеновпен орындаған «Қыздар мен жігіттер» әні жастардың сүйікті әніне айналды.
Маржан Арапбаева Instagram желісіне алғаш 2017 жылы тіркелген. Ең алғашқы суреттерінен-ақ бұрынғы Маржанның бет-бейнесі көп өзгергенін байқауға болады.
Ал 2020 жылы «Егіз-лебіз» жобасына қатысқан Маржан Арапбаеваны көбі танымай да қалды.
«Қазақстан дауысы» жобасындағы Маржанда бұрынғы Маржанды еске салатын дүние тіпті аз.
Маржан Арапбаеваның түр-келбетіндегі өзгерісті әлеуметтік желі қолданушылары да байқаған. Көпшіліктің пікірінше, әнші суреттерін Instagram-ңа шығармас бұрын фотошоппен өңдеп алады.
Әншінің соңғы суреттері тіпті Барби қуыршағын еске түсіреді.