Профилактикалық скринингтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жүргізіледі. Сондықтан скринингтен өту үшін пациент сақтандырылған болуы шарт.
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған 15 санатқа жататын 11 млн жуық адам мемлекет тарапынан сақтандырылған.
Алматылық онкологтар медициналық сақтандырылған барлық тұрғынды скринингтен өтуге шақырып жатыр.
Мамандардың сөзінше, қатерлі ісікті ерте анықтау бес жылға дейін ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізуге және толық емдеп жазуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта сүт безі обыры, жатыр мойны обырына шалдыққан пациенттердің 70%-дан астамының өмірі ем қабылдағаннан кейін бес жылдан да ұзақ өмір сүреді. Ал егер ерте анықталған жағдайда бұл көрсеткіш 90%-дан асып жығылады. Кем дегенде бес жылдық өмір сүру көрсеткіші әр ауру бойынша әр түрлі. Бірақ ауру неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым жақсы емделетіні анық.
Скринингтік зерттеулер диагностиканың компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ), позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ), эндоскопиялық зерттеу, генетикалық тестілеу арқылы жүргізіледі. Десе де дәрігерлер, алматылықтардың скрингтен өтуге асықпайтынын айтады.
Тиімділігі дәлелденген қатерлі ісік скрининг түрлері:
- 40-70 жас аралығындағы әйелдерде сүт безі обырына маммографиялық скрининг, 2 жылда бір рет;
- 30-70 жас аралығындағы әйелдерде жатыр мойны обырына цитологиялық скрининг жүргізу, 4 жылда бір рет;
- 50-70 жас аралығында, жасырын қанға анализ, колоноскопия арқылы тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігіне скрининг, 2 жылда 1 рет.
Медициналық қызметтерді кеңінен пайдалану үшін МӘМС жүйесінің қатысушысы болған дұрыс.