Categories: Денсаулық

Медициналық сақтандырылмаған азаматтар скринигтен өте ала ма?

Профилактикалық скринингтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жүргізіледі. Сондықтан скринингтен өту үшін пациент сақтандырылған болуы шарт.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған 15 санатқа жататын 11 млн жуық адам мемлекет тарапынан сақтандырылған.

Алматылық онкологтар медициналық сақтандырылған барлық тұрғынды скринингтен өтуге шақырып жатыр.

Мамандардың сөзінше, қатерлі ісікті ерте анықтау бес жылға дейін ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізуге және толық емдеп жазуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта сүт безі обыры, жатыр мойны обырына шалдыққан пациенттердің 70%-дан астамының өмірі ем қабылдағаннан кейін бес жылдан да ұзақ өмір сүреді. Ал егер ерте анықталған жағдайда бұл көрсеткіш 90%-дан асып жығылады. Кем дегенде бес жылдық өмір сүру көрсеткіші әр ауру бойынша әр түрлі. Бірақ ауру неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым жақсы емделетіні анық.

Скринингтік зерттеулер диагностиканың компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ), позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ), эндоскопиялық зерттеу, генетикалық тестілеу арқылы жүргізіледі. Десе де дәрігерлер, алматылықтардың скрингтен өтуге асықпайтынын айтады.

Тиімділігі дәлелденген қатерлі ісік скрининг түрлері:

  • 40-70 жас аралығындағы әйелдерде сүт безі обырына маммографиялық скрининг, 2 жылда бір рет;
  • 30-70 жас аралығындағы әйелдерде жатыр мойны обырына цитологиялық скрининг жүргізу, 4 жылда бір рет;
  • 50-70 жас аралығында, жасырын қанға анализ, колоноскопия арқылы тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігіне скрининг, 2 жылда 1 рет.

Медициналық қызметтерді кеңінен пайдалану үшін МӘМС жүйесінің қатысушысы болған дұрыс.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago