Бүгінгі күннің бас тақырыбы – Дмитрий Медведевтің «Вконтакте» желісінде небәрі 10 минут тұрған жазбасы. Жазба жойылғанымен, оның скриндері әлеуметтік желілерді шарлап кетті. Ол жазбада «Ресей өзінің бұрынғы империялық шекараларын қалпына келтіреді, Қазақстан мен Грузия жасанды мемлекеттер» деген сарындағы шатпақтар жүр.
Бұл жерде әлгі жазбаға емес, Медведевтің өзіне үңілу керек-ау.
Қазақстандық медиа-маман Никита Шаталов былай деген екен:
Біріншіден, 2011 жылдан кейінгі Медведев – терең деградацияға ұшыраған адам. Мінезінің жоқтығы мен ынжықтығынан өзінің тарихи мүмкіндігін жіберіп алып, алып елді диктатураға оңдырмай тығып кеткен сол. Украинадағы соғысқа бұл да кінәлі, 10 жыл бұрын Путинді ығыстыра салатын зор мүмкіндігі бола тұра, дербес саясаткер болуға батылы жетпеген еді.
дейді пікір иесі.
Екіншіден, Медведев ұсақ пропагандистке айналып кетті. Меніңше, оның парақшасын ешкім бұзған жоқ. Әлгі жазбаны жариялағаны оның патологиялық маскүнемдігімен байланысты. Медведев қатты ішеді, сол себепті оның тақырыптары алқаш көршінің әңгімесі деңгейіне түсіп кеткен.
Ең қызығы, әлгі жазба Медведевтің шығарғаны емес, ол I Александрдың жорықтары туралы лекциядан көшірілген мәтін, оған әкеп «Қазақстандағы орыс халқына қарсы геноцидті» қосып қойған. Ресей соғыс жүргізіп отырған ел. Сондықтан ол елде маңызды саяси лауазым иелерінің арасында «кім қаттырақ бақырып, кім батырып айтар екен» деген жағымпаздар жарысы жүріп жатыр,