Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарғаны белгілі болды. Онда Төребаев әлі де қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқаны айтылған.

Сот шешімі бойынша, күдіктіні қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ,

деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сот бір күннен кейін Шерниязовқа қатысты қаулы шығарды. Оның қамауға алу мерзімі де тағы бір айға ұзартылды.

Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды,

деді сот өкілдері.

Еске салайық, Мейіржан Төребаев әріптесі Мейірхан Шерниязовп Алматыдағы Mudarabaн Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша күдікті ретінде танылып, биыл сәуірде қамауға алынды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago