Сейсенбіде Сауд Арабиясында найзағай ойнап, нөсер жауын жауған, сондай-ақ дауыл соғып, ағаштар мен жарнамалық макеттерді ұшырған. Негізгі соққыны Мекке мен Джидда қалалары алды. Бұл туралы Gulf News порталы жазды.
Әлеуметтік желілерде дауыл болған сәттен видеолар пайда болды. Дүлей желден адамдардың қозғалысы шектеліп, жүре алмай қалғандарын байқауға болады.
Сейсенбі күні таңертең Сауд Арабиясының ұлттық метеорологиялық орталығы елдегі ауа райы жайсыздығы туралы ескерту жасаған.