Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбден Facebook парақшасында синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуді талап етті.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта синтетикалық есірткіні көбіне жастар, оның ішінде мектеп оқушылары қолданады.
Құрметті қазақстандықтар! Бүгін тағы бір үлкен дертке айналған проблеманы ортаға салғым келіп отыр.
Ұлт болашағына нағыз қауіп төндіретін мәселе — есірткі. Талай азаматтарымыздың санасын улады, тағдырын құртты. Қазір мамандар дабыл қағуда. Осыны естігенде бірден ине ұстаған нашақорларды елестетеміз. Бірақ жағдай одан да күрделі. Қазір синтетикалық есірткінің заманы. Арзан әрі қолжетімді бұл есірткінің зардабы өте ауыр. Есірткіге тәуелді болғандардың арасында жастар көп. Синтетикалық есірткіні қолданатындардың қатарында тіпті мектеп оқушылары да бар. Статистика өте қорқынышты. Нашақорлардың қатары неге жасарып бара жатыр? Осыны бүгін анықтап, әрекет жасамасақ, ертең тым кеш болады. Неге есірткіні сатып алу тым оңай? Құзырлы мекемелер қайда қарап отыр?,
— деп жазды ол Facebook-те.