Мектептегі буллинг ауызша қорлау санатынан ауыр және тіпті аса ауыр қылмыстардың түрлеріне ауысты. Бұл туралы мыңдаған қазақстандықтар қол қойған онлайн-петицияда айтылған.
Көмек шақыру
Жоғарыда аталған петицияны құру туралы «НеМолчи.kz зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалыс» қоғамдық қорының президенті Дина Смаилова (Тансари) өзінің Instagram-парақшасында хабарлады.
Петицияның мазмұнына сәйкес, өткен және биылғы жылдың ішінде қазақстандық балалар тек құрдастарынан ғана емес, сонымен бірге өздері баратын мектептердің педагогикалық құрамынан да қорлық көрген. Сонымен қатар, мұндай қол сұғушылықтар көбінесе ауыр формаларға ие және негізінен алдын-ала жасалған мұқият жоспарланған қылмыстар ретінде орын алады.
Бұл негізінен келесі қылмыстарға қатысты:
- Балалар ұрып-соғу, қорлау, қорқыту және бопсалау арқылы балалардан ақша алады.
- Балалар жыныстық қудалауға барады, басқа балаларды жыныстық қатынасқа және зорлауға мәжбүр етеді, азғындық әрекеттерге итермелейді, және бұл тіпті бесінші сыныптан басталады.
- Балалар балаларды зорлайды.
- Балалар балаларды ұрады, шешіндіреді, видеоға түсіреді және фотосуреттерін таратады.
- Балалар басқа балаларды жыныстық қатынасқа тартады, видеоға түсіреді және фотосуреттері арқылы бопсалайды.
Мұның бәрі көз алдында болып жатқан мектептердің әкімшілігіне келетін болсақ, көбінесе педагогикалық билікке ие адамдар мекеме аумағында болған жанжалдарды жасыруды жөн көреді. Негізінен беделді сақтап қалу үшін. Бұл стратегияны ойдағыдай ұстану үшін, көп уақытта ата-аналар комитетінің қолдауына ие бола отырып, оқытушылар болған оқиғаға буллингтың құрбанының өзін мен оның ата-анасын кінәлай бастайды. Мәселе бұлай шешілмейтіні анық, сондықтан онсыз да қиналып жүрген балалар өздеріне қол жұмсау арқылы мәселені түбегейлі шешуге бел буады.
Құрылған петиция авторларының айтуынша, өткен және ағымдағы жылдары #НеМолчиKZ қорына 25 зорланған ұлдың ата-аналарынан хат келіп түскен. Петиция авторларының айтуынша, мұндай істерді ашуға асықпайды немесе бірден жауып тастайды. Бұған полицияның адал емес қызметкерлерінің, тәрбиешілердің, психологтардың, балалар мен ата-аналардың пікіріне ақша арқылы әсер ететін мектеп директорлары тікелей қатысты. Бұл петиция сотқа дейін жол бермей, өтірік жабылған істерді қайта қарастыруды талап етеді.
«Біз бұдан былай әрбір осындай іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкес дереу қылмыстық іс қозғауды және мектеп оқушылары қасақана қылмыс жасаған жағдайда білім басқармасының басшыларын шеттетуді талап етеміз. Егер мектепте буллинг өркендеп жатса, демек бұл мектеп басшылығы профилактикалық жұмыс жасамайды, агрессорларды қорғаштайды, мұғалімдерге полицияға шағымдануға тыйым салады. Балалардың балаларға қатысты жасаған қылмыстарына бұлай қарауды тоқтату қажет. Мұғалімдер тарапынан үнсіздік пен немқұрайлылық саясатын шұғыл тоқтату қажет. Мемлекет пен қоғамның осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімділік саясаты – зорлық-зомбылықтың негізгі себептерінің бірі болып табылады», – делінген петицияда.
Олар бала ғой?
Егер мектеп әкімшілігімен бәрі түсінікті, яғни педагогикалық құрам көбінесе қылмыстарды қасақана жасырумен айналысатыны белгілі болса, ал зорлық-зомбылықты бастайтын кәмелетке толмағандармен не істеу керектігі әлі де анық емес.
Отандық заңнамада жыныстық қудалау үшін жазаны қарастыратын нақты құралдар жоқ. Заңгерлер түсіндіргендей,
бұзақылық – бұл баланы жауапқа тартуды ең жоғары шегі, бірақ бұл іс-әрекеттің нақты көрінісіне сәйкес келмейтіні анық
Мысалы, жақында жасөспірімдер Өскеменде қызды шешіндіріп, ол кадрларды интернетке таратып жіберген кезде де солай болды. Тергеу мұны жыныстық сипаттағы іс-әрекеттермен байланысты іс ретінде қарастыра алмады, өйткені оны кәмелетке толмаған қыздың құрдастары жасаған болатын. Алайда
егер бұл әрекетті ересек адам жасаған болса, оған мүлдем басқа қылмыстық бап жүктелетін еді
Не істей аламыз?
Балалардың қатыгездігінің артуы бүгінде айқын. Психологтар түсіндіргендей, бұл қазіргі ұрпақта жаман және жақсы ұғымдарының бұлыңғыр болуына байланысты, және бұл өз кезегінде ата-аналармен сенімді қарым-қатынастың болмауы салдарынан. Дәл осы эмоционалды байланыстың болмауы балаларды тұйық болуға және ішкі агрессиясын шығарудың оғаш жолдарын іздеуге мәжбүр етеді.
Буллингтың өзі, оның ішінде жыныстық буллинг, жас балалардың жыныстық қызығушылығының көрінісі емес, бұл көпшілік алдында өз билігі пен күшін көрсету әрекеті, әдетте мұндай оқиғалар топпен жасалады.
Бүгінгі жасөспірімдердің бір-біріне жаға ұстатарлық қатыгездікке баруының тағы бір себебі – бос уақыттың болуы және оның дұрыс өткізілмеуі. Әдетте, бүгінгі балалардың ішкі әлемі виртуалды шындықпен, онлайн ойындармен және чаттарда сөйлесумен шектелген. Оқумен қатар физикалық және шығармашылық тұрғыдан дамуға көбінің мүмкіндігі жоқ. 2000 жылдардың басында көптеген қазақстандық мектептерде волейбол секциясы, сурет салу немесе вокал үйірмесі секілді тегін үйірмелер ұйымдастырылатын. Енді сыныптан тыс жұмыстардың мұндай шағын тізімі барлық мектептерге қолжетімді емес, өйткені оларды мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылды.
Мемлекет жақында осы қажеттіліктерге ақша бөліп, жобаны іске қосқанына қарамастан жағдай осындай болып тұр. Жоспарды жүзеге асыруға келгенде, қазақстандық жастардың дамуына уәде етілген ақша белгісіз арнаға ағып кеткені, тіпті сол спорт секцияларында айналысып жүрген балалар да сабақтарды тегін жалғастыра алмайтындықтары туралы алаңдайтыны белгілі болды.
Бірақ бұл басқа мәселе. Қазір балалар арасындағы буллинг мәселесін күн тәртібіне қою әлдеқайда маңыздырақ, өйткені бос уақыттың болмауы – жасөспірімдерді негізсіз қатыгездікке итермелейтін бірнеше себептердің бірі ғана…