Білім министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, 20 желтоқсаннан бастап оқушылар үйінен тамақ әкеліп жей алады.
Қазақстанда мектеп асханалары өздерімен бірге тамақ әкелетін оқушыларға жағдай жасауға міндеттелді. Олардың мектеп асханасыда арнайы тамақтанатын орны болады.
Сонымен қатар, мектепте тамақтануды ұйымдастыру мектеп асханасында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін жабдықтар, жағдайлар болған кезде жүзеге асырылады делінген.
Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі тауарлар конкурстық негізде сатып алынады. Мектеп асханаларында жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгерушісі, аспаз, асхана қызметкері лауазымдары енгізіледі.