Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы өкімімен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Атап айтқанда, қазір конкурстық комиссияның құрамы туралы деректер мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталғанша жасырылады. Бұл сыбайлас жемқорлық қаупін жою үшін жасалған.
Сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт жобалаушының/мердігердің құрылыс нысанын пайдалану құқығын, оның ішінде мүліктік (ерекше) құқықтарды беру туралы үлгілік шартқа қол қою міндетін белгілейді,
делінген хабарламада.
Осылайша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларға тапсырыс беруші жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы тарату және қайта пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Бұйрық 19 қыркүйекте күшіне енеді.