Саясат

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңда шикілік бар

Соған байланысты, жалғыз мектеп емес, жол, тұрғын үй құрылысы тежеледі. Бұған дейін, аталған заңға бірқатар түзету енгізіп, Үкіметке жолданған. Алайда тиісті қорытынды мен қолдау болмады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша,  жаңа құжатта халықты толғандырған өзекті мәселелердің нақты шешімі бар, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Президент, әсіресе әлеуметтік мәселелер бойынша маңызды тапсырмалар жүктеді. Мәселен, Жолдауда бала құқығын қорғау мәселесіне ерекше мән берілді. Бұл – расымен де аса маңызды мәселе. Сондықтан, батыл шешім қабылдап, арнайы заң әзірлеу қажет деп санаймын,

деді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасаған тұлғаларға, бүлдіршіндерге жәбір көрсеткен азаматтарға тағайындалатын жазаны қатаңдату қажет. Сондай-ақ, жазғы лагерлерге, балаларға арналған орталықтарға қойылатын талапты күшейту керек.

Президент цифрлық экономиканың хал-ахуалына да арнайы тоқталды. Айталық, «Яндекс такси», «Glovo» сынды платформаларда 500 мыңнан астам азамат жұмыс істейді. Алайда, олардың еңбек құқығы реттелмей, лайықты қорғалмай отыр.

Отандастарымызды алаңдататын тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік сатып алу. Соның кесірінен биыл 80-нен астам мектеп бала қабылдауға дайын болмай отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago