Кафеге барғанда қазақша мәзір сұрайсыз ба? Не деп жауап береді?
Қазақша қызмет талап етуді көбісі «русофобия, фашизм», Рәміл Мухоряпов сияқты «не круто» деп түсінеді. Бұған «Динара» кафесінің қызметкерлері мәзір сұрағандарды «русофоб, фашист» деп атағаны дәлел.
5 ақпан күні Алматыда Динара кафесінің қызметкері Әйгерім және оның достарын қазақша мәзір сұрағандары үшін «нацист, фашист» деп атанған. Артынша қару асынған адам оларды ғимараттан қуып шығармақ болды, деп жазды Тіл кеспек жоқ арнасы.
Бұл тек біз білетін жағдай. Жарияланбағаны қаншама.
2022 жылдан бастап көрнекі ақпарат соның ішінде ас мәзірінің қазақша нұсқасы болуы керек деген заңнама қабылданды. Орыс тілі не өзге тілді қою кәсіпкерлердің өз еркінде. Сондай-ақ, конституцияның 7-бабына сәйкес, біздің мемлекеттік тіліміз орыс тілі емес, қазақ тілі. Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылады. Бірақ тіл саясатына жауапты органдар мемлекеттік тіл мен ұлтаралық тілдің өзара қарым-қатынасын, тең деңгейде қолданылуы бизнеске қатысты емес екенін алға тартады.
20220 жылға дейін халықтың 9 пайызы қазақша сөйлеу керек деген талап бар. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сөйлейтіндердің үлесі 85 пайызға жетіпті. Алайда қарапайым ас мәзірі әлі де болса орыс тілінде ғана жазылып келетіні алаңдатып отыр.
Халықтың 70 пайызы этникалық қазақ болғанымен, оның нешесі қазақ тілінде сөйлейді?
Заң өз табиғатынан өте консерватив, өте дәстүрлі. Ол адам санасын бірден өзгерте алмайды. Заң бойынша бизнес өкілдеріне мәзір қазақша болуы керек десе, бір мезетте қазақша болып кетпейді.
Сол кафедегі оқиға қалай аяқталды?
Оларды «нацист» деп атаған бизнес өкілдері тек 10 АЕК айыппұлмен құтылды.
Бұл русофобия емес. Русофобия – өкінішке қарай соғыс басталғаннан бері бүкіл әлем агрессияға, зорлық-зомбылыққа әкеліп жатқан сөз десек артық емес.
Бұл мәселе тек тіл жанашырларының, қазақтілділердің қозғалысы. Мұны массалық тенденцияға айналдырмауымыз керек. Қазақша ақпарат талап еткеніңіз үшін ар-абыройыңызға нұсқан келсе, заңға жүгінген дұрыс. Менде фобия бар деп қол қусырып отырсақ, қоғам өзгермейді. Қазақ тілі тек үйде сөйлесетін тіл емес, бизнес пен ғылым, өнер мен қызмет көрсету құралына айналуы тиіс.
Кеше ғана қазақ тілінде жазылған жарналмалардың бейшара халін жаздық.