Мемлекеттік қызметкерлерді жаппай қысқарту, миллиардер Ресейге бәс тігеді. 16 тамыз

Әлемдік БАҚ не деп жазады.

Заңсыз жазбалар

The Wall Street Journal АҚШ шекара және кеден қызметінің кезекті есебін талқылады. Бір жылға жетпейтін уақыт аралығында, яғни қазаннан қыркүйектің соңына дейін шекарашылар 1 млн 820 мың адамды тұтқындаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш (1,66 млн). Сарапшылардың ойынша, қыркүйектің соңына дейін қамауға алынғандар саны екі миллионнан асуы мүмкін.

Сондай-ақ тұтқынға ілікпеген және АҚШ-қа заңсыз кірген мигранттар саны кемінде 700 мыңға жетеді деген болжам бар.

Бұл көтеріліс Байден әкімшілігі мен республикашылдар басқаратын штаттар арасындағы саяси шиеленістің күшеюіне байланысты орын алып отыр. Олар федералды үкіметтің Трамп дәуіріндегі иммиграциялық бағдарламаларды жоюға бағытталған әрекеттеріне тосқауыл қою үшін сотқа шағым түсірді.

Пандемияның басында Трамп әкімшілігі жұртқа белгісіз 1940 жылғы денсаулық сақтау туралы заң қабылдады. Заң арқылы елге келген мигранттарды вирус жұқтырады деген сылтаумен шекерадан өткізбеді. Жақында Байден әкімшілігі бұл саясаттан бас тартуға тырысқанымен, федералды сот рұқсат бермеді.

Миллиардер Ресейге бәс тігіп отыр

Bloomberg Шығыс елдерінің Ресеймен жақындасуының тағы бір дәлелі туралы жазады. Сауд арабиясының миллиардері ханзада Әл-Валид бен Талал ресейлік фирмаларға 500 миллион доллардан астам инвестиция салған. Басылымның пікірінше, бұл Парсы шығанағы мемлекетінің ОПЕК-тегі әріптесіне қатысты ұстанатын сақтық саяси ұстанымының белгісі.

Ханзаданың Kingdom Holding Co инвестициялық фирмасы «Газпром» ЖАҚ, «Лукойл» ЖАҚ және «Роснефть» ЖАҚ шығарған депозитарлық қолхаттарын сатып алды. Осылайша батыс санкцияларының әсерін біршама әлсіретті.

Мемлекет «өз адамдарын» лақтырды ма?

The Guardian Ұлыбритания үкіметі мен кәсіподақтар арасындағы қақтығыстың жаңа толқыны туралы жазады.

Министрлер кабинеті мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан шыққанда алатын жәрдемақысын шамамен 20%-ға қысқартуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат БАҚ-да тарап кетті. Бұған дейін 91 мың мемлекеттік қызметкердің қысқаратыны туралы айтылған еді.

Консультативтік құжатта жәрдемақының қысқаруы бюджетті айтарлықтай үнемдейді делінген.

91 мың қызметкерді жұмыстан бостау мәселесін талқылаудан бас тартқан министрліктің әрекеті кәсіподақтардың ашуына тиді. Олар қысқартудың негізін талап етіп отыр. Өйткені жаппай жұмыстан шығару жекелеген құрылымдардың жұмысын тоқтатуы мүмкін.  Жоғары лауазымды дереккөздің айтуынша, бұл бұрын-соңды болмаған тәжірибе.

Үкіметтің 2017 жылғы аталмыш әрекеті сотта негізін таба алмады. Өйткені министрлік кәсіподақпен кездесулер өткізбеген.

Мұнайдың жанында климат түкке тұрмайды

Fox News JPMorgan бас директоры Джейми Даймонмен климат туралы заң жобасын егжей-тегжейлі талқылады. Даймонның айтуынша, қоршаған ортаны жақсарту үшін отандық мұнай мен газ өндіруді қысқарту бос сөз. Керісінше, өндірісті ұлғайту керек. Бұл өз кезегінде үкіметтің парниктік газ шығарындыларын азайту жоспарына ғана көмектеседі.

Үкімет қашан түсінеді? Мұнай мен газ бағасының өсуінен бүкіл әлем көмірге ауысуға мәжбүр болады. Бұл әлде қайда зиян,

деді ол.

Биыл АҚШ-та газ бағасының шарықтауы мен Украинада жалғасып жатқан соғыстың салдарынан Еуропаның энергияға тәуелділігі отандық энергия өндіру мәселесінің өзектілігін бұрынғыдан да арттырды.

Даймон АҚШ пен оның еуропалық одақтастарының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Маршалл жоспарын» құруға шақырды. Ол Ресей энергетикасына тым тәуелді Еуропа елдері АҚШ-тың көмегіне зәру екенін айтты.

Тәліптер бір тиын да алмайды

New York Times газеті Вашингтонның Ауғанстан үкіметінің бұғатталған шоттарын шешуден бас тартқанын хабарлады. Лаңкестердің шабуылынан сескенген АҚШ Ауғанстанға тиесілі 3,5 млрд долларды қайтармайды.

Америкалық шенеуніктің айтуынша, АҚШ қаражаттың лаңкестердің қолына түспейтініне кепілдік бере алмайды. Сол себепті аударымды тежеп отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago