Экс-президенттің кітабы ағылшын тіліне аударылып, шет елдерде басып шығарылады.
Бұл туралы ол Назарбаев қоры ұйымдастырған Astana club отырысында мәлімдеді.
Автордың айтуынша, мемуар қалың көпшілікке ұнаған, деп хабарлайды Тіл кеспек жоқ арнасы.
Соңғы 30 жылдағы Қазақстанның сыртқы саясатының өрлеуі мен құлдырауы туралы толығырақ менің желтоқсан айының басында жарияланған естеліктерімнен біле аласыздар. Кітап үлкен қызығушылық тудырып, шетелдік баспалардан ағылшын тіліне аудару туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Кітап жақын арада кеңірек әлемдік аудиторияға қолжетімді болады.
Назарбаевтың «Менің өмірім» атты кітабы 1 желтоқсан күні жарыққа шықты.
Кітапта Жаңаөзен оқиғасы, 2019 жылы биліктің ауысуы, экс-президенттің қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қарым-қатынасы және екінші әйелі Әсел Исабаева туралы айтылған.