Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы «Хидаят» мешітінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода мешітте намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы сапта тұрған имам ұрып жіберген, бала соққыдан құлап түседі.
Имам өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрапты. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келген екен.
Бас мүфтидің бұйрығымен «Хидаят» мешітінің имамы жұмыстан қуылды. Дұрыс болған.
Бұл ретте Димаштың әкесі, әнші Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде уағыз айтатындар туралы сөз қозғады. Skifnews.kz-тің хабарлауынша, Қанат Айтбаев әлеуметтік желі қолданушыларын тыятын заң қабылдануы керек дейді.
Әлеуметтік желі арқылы кім көрінгеннің уағыз айтып, санаға селкеу түсіруіне тыйым салатын заң қабылдамаса болмайтындай жағдайға жеттік-ау, сірә?
Ойына келгенін айтып, ұлттық болмысымызды — дәстүрімізді, тілімізді, өнерімізді аяқ асты етіп, қоғамды ірітушілер көбейе бастады ғой?
деді әнші.