Нью-Йоркте кезекті Met Gala қайырымдылық балы өтті, оған атақты адамдар дәстүрлі түрде экстравагантты киімдермен келеді. Бұл жолы балдың басты мотиві — марқұм сәнгер Карл Лагерфельдтің еңбегін еске алу болды.
2019 жылы 85 жасында қайтыс болған Лагерфельд ақ-қара киімдерге, інжу-маржандарға және биік жағаларға деген сүйіспеншілігімен танымал. Образдар мен киім таңдағанда қонақтар осыны ескерді.
Қайырымдылық балына 400-ге жуық қонақ шақырылды. Іс-шараға билет 50 мың доллар тұрады, ал үстелдің бағасы 300 мың доллардан басталады.
Бұл жолы балды теннисші Роджер Федерер, әнші Дура Липа, актриса Пенелопа Круз және жазушы, актер және продюсер Микейла Коул жүргізді. Сонымен қатар, Vogue журналының бас редакторы Анна Винтур да жүргізушілер қатарында болды.
Балға келушілердің арасында баскетболшы Бриттни Грайнер де болды, ол Ресейде есірткі тасымалдағаны үшін сотталып, өткен жылдың соңында ресейлік қару-жарақ сатушысы Виктор Бутқа айырбасталған болатын.
Met Gala-ға келушілер сонымен қатар Лагерфельдтің мысығы Шупеттке де құрмет көрсетті, кем дегенде екі қатысушы осы жануарды әспеттейтін костюмдермен келді.