Экономист Сәбит Рысбаев ИП-ны жалға беру туралы желіде өте маңызды жазба жариялапты.
Сіздер де сақ болсын деп Қаржылық Сауат арнасы жариялапты.
Автор былай дейді:
Соңғы кезде ИП-ны жалға беру деген «тема» шықты. Көп адам соны түсінбей жүр. Ол да қаржылық сауаттың аздығынан.
Мысалы, сенің ИП-ыңды біреу алады да, сонымен жұмыс істеп, саған айына 100-150 мың төлеп тұрады. Біздікілер сол алған ақшаға мәз. Бірақ ана жақта сенің ИП-ыңды 20 000 АЕК-тен көп қолданса, сен 3% салық, +12% ҚҚС (қосымша құн салығы) төлеуің керек.
Оны (ИП-ны) қолданушы адам 3% төлеп тұруы мүмкін. Бірақ 100 миллиондық айналым жасап қойып, ҚҚС төлеу керек болса ше?
«Ой, құрысын» деп саған ИП-ыңды қайтара салса, ол да проблема. Өйткені 12 миллиондық салықты сен төлеуің керек болады. ИП – банкрот қыла салатын ТОО емес. Өлген кезіңде бір-ақ банкрот болады. Ашасың, жабасың. Бірақ, 10 жылдан соң ашсаң да сол ИП (алдыңнан) шығады. Өйткені, ИИН біреу ғана.
Қысқасы, ИП-ны, болмаса, ТОО-ны жалға берерде абайлау керек. Миллиондар мойынға ілініп кетуі мүмкін. Өзім 15 миллионға «қораға» кіріп кеткен адамды білемін.