Categories: Шолу

Міндетті вакцинация және алаяқтық. 12 шілде

Қазнет кеңістігінде сиырдың адамдарға шабуылы, мұнай бағасының құлдырауы және Рыбакинаның сыйлықақыдан бас тартуы ең көп талқыланған тақырыптар болды…

Ресей соты КТК жұмысын тоқтата тұру туралы шешімді 200 мың рубль айыппұлмен алмастырды. Оқиғаны кең аудитория жағымды, алайда Ресей тарапына қатысты мысқылмен қабылдады. Құбырмен байланысты жағдай Қазақстанның солтүстік көршісінің ықпалынан кетуге деген ұмтылысына байланысты екі ел арасындағы саяси қақтығыстың бір бөлігі ретінде қабылданады, мұны халықтың едәуір бөлігі мақұлдайды.

Теннисші Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісі үшін Қазақстан теннис федерациясының сыйлығынан бас тартуы да осы сарынмен қабылданды. Аудиторияның бір бөлігі спортшының Қазақстанға көшуінде таза ақшаға қызығушылық бар деп сеніп, Ресейден легионерлерді тартуды айыптайды, алайда көптеген қазақстандықтар Рыбакинаны қорғап, оның жеңісімен мақтанатындарын мәлімдейді.

Төтенше оқиғалардың ішінде Қостанайда орын алған жағдай кеңінен талқыланды, онда қала орталығында қашқын сиырдың шабуылынан үш адам зардап шекті. Оқиғаның видеосы көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды және мессенджерлерде белсенді түрде таратылды.

Мемлекет басшысының қызметінен президенттің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сенатқа сайлау тағайындауына, сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрімен кездесуіне көп көңіл бөлінді. Пікірлерден байқағанымыздай, Тамара Дүйсенова орасан зор антирейтингке ие және көптеген қазақстандықтардың өткір сынына ұшырады.

Президенттің билік өкіліне бағынбағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы заңға қол қоюы тек теріс пікірлер тудырды. Бұл қоғамның көп бөлігінің полиция қызметкерлеріне және басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген дұшпандық көзқарасына байланысты.

Бағаның өсуіне және қант тапшылығына байланысты дүрлікпе жалғасуда. Республиканың түрлі облыстарындағы баға айырмашылығы немесе қазақстандықтардың өнімді Ресейден әкелуге тырысатыны туралы жаңалықтар танымал.

Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы жарияланымдар көпшілікті алаңдатты, алаяқ полиция қызметкері болып танысып, адамдарды пәтерлерді арзан бағамен сатуға және оларға ақша аударуға көндіреді.

Мұнай бағасының төмендеуі туралы жаңалықтар, сондай-ақ рубльдің доллар мен теңгеге ара қатынасындағы валюта бағамының ауытқуы жоғары назарда.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты міндетті вакцинация туралы жаңалық тарады, соңында фейк екені әшкереленді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago