Денсаулық

Министр Көкшетау ауруханасында жатқан 42 сарбаздың жай-күйін айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысында ауруханаға жатқызылған 40-тан астам сарбаздың жағдайын айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оның айтуынша, 41 сарбаз ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, бүгін беті бері қарай бастаған.

Менингококк инфекциясы тіркелген, кейбірінде энтеровирус бар. Қазір маусымдық мискинфекция жүріп жатыр. Шамасы, біреу ауырып, басқаларға жұқтырған шығар. Науқастармен байланыста болған, ауру белгілері бар барлық адам оқшауланды. Бөтен кісі кіргізілмейді. Ауыр жағдайлар жоқ,

деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ҚР Үкіметінің отырысында.

Айта кетейік, Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшенің 40-тан астам әскери қызметшісі ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) белгілерімен жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды.

Олармен байланыста болған 5 адамнан минингоктық инфекция, 4 энтеровирустық инфекция анықталды.

Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы басшылығының мәліметінше, жұқпалы аурулар орталығына 47 мерзімді әскери қызметші жатқызылған. Науқастар 23 тамыздан жеткізіле бастаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago