Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін айтты.
Оның сөзінше, жаңа министрліктер бір айдың ішінде бөлінеді. Содан кейін ғана қосымша шығындар есептеледі.
Жаңа министрлік деген аты ғана болмаса, олар ескі министрліктерден бөлініп шыққан ведомстволар. Сондықтан біздің позициямыз – қазіргі бар қаражат көлемінде бөлу. Әрбір министрліктің әр салаға бөлінген қаражаты бар, сол қарастырылған қаражатын бөліп алады. Ал әкімшілік шығыстарды адам саны қалай бөлінеді, солай бөлеміз,
деді Жамаубаев мәжіліс кулуарында.
Министр әкімшілік шығыстар аз ғана екенін және жаңа министрліктер бұрынғы ғимараттарында қала беретінін жеткізді.