Categories: Инсайдер

Министрлер рейтингі: Саясат Нұрбек шындықты айтамын деп сынға қалды

Әділет, ТЖ және қоғамдық даму салалары елдің ақпараттық алаңынан тыс қалып отыр.

ALEM RESEARCH аналитикалық компаниясы 2022 маусымында БАҚ пен әлеуметтік медиа мониторингі негізінде құрылған министрлер рейтингін ұсынды.

Топ-3-те екі білім министрі

Маусымдағы мониторингтің нәтижелері көрсеткендей, білім беру ақпараттық алаңның басты қоздырушысы болды. Әрине, бұл көбіне жаңа министрліктің пайда болуына байланысты болды, нәтижесінде осы саладағы екі министрлік те топ-3-те.

Маусым айында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ең көп аталғандар саны бойынша көшбасшы — білім министрі Асхат Аймағамбетов. Ол 3 850 рет аталды. Естеріңізге сала кетейік, мамырда ол 2 489 рет аталып, екінші орында еді.

Министрдің Көкшетауға сапары, педагогтарға демалыс төлемдерін төлеу проблемалары, IQanat республикалық оқушылар слеті және Алматы НЗМ-дегі қазақ сыныптарына арналған гранттармен жанжал ақпараттың алаңда көп аталуының басты себептері болды.

Мұның бәрі Аймағамбетовтың жағымдыға қарағанда екі есе теріс реңкте аталуына әкелді.  

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев аталу бойынша екінші орынға ие болды. Мамырмен салыстырғанда ол төрт позицияға көтерілді, көбіне жұртшылықтың жағымсыз реакциясы салдарынан.

Дәурен Абаев үшін шахмат федерациясы үшін үш млрд теңге, көп айдан бері жалғасып келе жатқан «АртСпорт» мемлекеттік бағдарламасымен проблемалар және Нұр-Сұлтандағы Сурдлимпиада ойындарының триумфаторларын құрметтеу тақырыптары негізгі ақпараттық себеп болды.

Жалпы аталымдар саны бойынша үздік үштікті жаңа ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек тұйықтады. Рейтингегі жаңа басшы 3 406 аталған және мониторинг нәтижеі бойынша көбіне теріс реңкте.

Лауазымға тағайындалуы фактісінен өзге, Саясат Нұрбектің ел арасында қызу талқыға түсуіне оның шынайылығы түрткі болды.

Атап айтқанда, ол балаларының Кипрде оқып жатқанын, оқуына айына 9 млн теңге төлейтінін ашық мойындады. Сонымен қатар, интернет-қауымдастық тағы екі факті ашуландырды: ғылым министрінің ғылыми дәрежесінің болмауы және дінге немқұрайлы қарауы.

Топ-10 және аутсайдерлер

ALEM RESEARCH сарапшыларының мәліметі бойынша, маусымда министрлердің аталуының орташа көрсеткіші 1 711 (мамырда 1 390). Топ-10-дықта мамырмен салыстырғанда жеті позицияға түскен Қайырбек Өскенбаевты және Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлерін атап өтуге болады. Маусым айында олар ақпарат тұрғысынан жақсырақ жұмыс істеді, бұл оларға аутсайдерлер тізімінен шығуға мүмкіндік берді. Мамырда ақпараттық рейтингті басқарған Бағдат Мусин бесінші орынға түсті.

Аутсайдерлер туралы айтқанда ІІМ министрін атап өтуге болады, оған БАҚ пен жұртшылық маусымда қызығушылығын жоғалтты, мамыр айында ол ондыққа кірген еді. Асқар Омаров, Қанат Мусин және Юрий Ильинге келетін болсақ, бұл министрлер ақпарат алаңынынан сырт жүруге және әлеуметтік желілердің басты тақырыбына айналудан қашады — аталғандар саны бойынша олар дәстүрлі түрде соңғы орында.

Позитив бойынша көшбасшылар

ALEM RESEARCH мәліметтері бойынша, маусымда министрлер кабинетінің аталуының жалпы санынан оң реңктің орташа үлесі 3,88% құрады. Сегіз шенеунік осы деңгейден жоғары нәтижеге жетті. Анжар Ғаният 10%-дан астам оң реңкке ие болған жалғыз министр болды. Сонымен бірге, денсаулық сақтау және цифрлық даму министрлігінің басшылары қоғамның көзқарасын едәуір жақсарта алды, ал бірден үш министрдің жұмысына қатысты шағымдар пайда болды — бір айда 6% позитивті жоғалту — өте үлкен көрсеткіш.

Негатив бойынша көшбасшылар

Дәурен Абаев осымен екінші ай қатарынан антирейтингті басқарып келеді. Бұл ретте атының аталуының жалпы санынан теріс реңктің үлесі мамырдан бері 1,73%-ға өсті. Қоғамдық наразылықтың негізгі триггерлері, жоғарыда айтылғандай, шахмат федерациясының айналасындағы жанжал және АртСпорт бағдарламасы. Сонымен бірге, министр аталған жазбалардағы пікірлерде хоккей құрамасының әлем кубогындағы сәтсіздігі және легионерлерге шамадан тыс қаражат төленетіні айтылды.

Мамырмен салыстырғанда Асхат Аймағамбетов ерекше назар аудартты. НЗМ-дегі қазақ сыныптарындағы гранттар саны мен мұғалімдерге еңбек демалысының жалақысы кешіктіріліп төленетініне қатысты шудан өзге, оқу ағарту министрі жергілікті жағдайлардан хабарсыздығы үшін айыпталды.

БАҚ-та министрдің өзі немесе министрліктің басқа да шенеуніктері мектепте ақша жинау немесе мектепке жұмысқа орналасу үшін пара алу/беру жоқ екені туралы бірнеше материал шықты, бірақ пікірлерде адамдар бұл жағдайлар кең етек жайғанын айтып жатты. Негізінен елдің оңтүстік және батыс өңірлері аталды.

ALEM RESEARCH компаниясы мамырмен салыстырғанда министрлерге қатысты теріс реңктің орташа үлесі маусымда 6,36%-дан 6,15%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

ALEM RESEARCH рейтинг тек БАҚ пен әлеуметтік медиа мониторингі негізінде жасалғанын және жоғары лауазымды шенеуніктердің жұмысы мен тиімділігін бағалау үшін тікелей пайдаланылмайтынын атап өтеді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілерде осы зерттеуге қатысты кез-келген түсіндірулер мен болжамдар үшін компания жауап бермейді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago