Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы 3 айдың болжамын жаңартып отырады.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы аурудың алдағы бірнеше айдағы жаңарған болжамын ұсынды.
Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы 3 айдың болжамын жаңартып отырады. Пессимистік сценарий бойынша, барынша көп тіркелген дерек күніне 4 мың пациентке жетуі мүмкін. Ал шынайы сценарий бойынша, күніне 2 500 дерек анықталуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша бір күнде тіркелетін дерек саны — 1000,
деді министр.
Бұл ретте министр ауру тамыз айында өршитінін айтты. Айдың соңына таман және қыркүйекте ауру азаюы мүмкін.
Бұған дейін Ажар Ғиният коронавирус жұқтыру статистикасы енді жаңаша есептелетінін айтқан еді.