Әлеуметтік желіде қазақстандықтар ел кинотеатрларында Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өмірі жайлы фильмінің көрсетілімі тоқтатылғанына наразылық білдіріп жатыр.
Адамдардың басым бөлігі, киноға сұраныс болып тұрғанда басшылықтың алып тастағанын түсінбей әлек. Мағынасыз фильмдерді көрсеткенше осындай тарихымызды туралы қоғам белсенділері желіде жарыса жазып, наразылық танытып жатыр.
Көрермендер туындының билеттері сатылымнан алынғанын байқаған, деп жазады ZTB.
«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің прокаттан алынуына кім жауапты?
«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кестеде неге жоқ деген сұрақтар таң атқалы көптеп келіп жатыр. Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді.
Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды.
Жалпы, 6 сериялы телехикаядан көркем фильм жасау, оны үлкен экран арқылы көпшілікке ұсыну “Қазақстан” телерадиокорпорациясының тікелей идеясы мен ұсынысы болатын. Ол үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын. Уақыты мен қаржысын қиып, келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз!
Көріп үлгермеген ағайын үшін фильм жақын арада «Qazaqstan» арнасының эфиріне және онлайн-платформаларға шықпақ.