Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
24.09.2023
Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
24.09.2023
Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
22.09.2023
Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
22.09.2023
Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған
22.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > Миттал үшін отандастарымыз жай ғана шығын материалы іспетті – депутат
Маңызды

Миттал үшін отандастарымыз жай ғана шығын материалы іспетті – депутат

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 18.08.2023
Обновлено 18.08.2023 в 10:08
Поделиться
Поделиться

Депутаттар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығын қылмыстық жауапқа тартуды талап етті. Атап айтқанда, мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров, Құдайберген Бексұлтанов, Снежана Имашева, Никита Шаталовтар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы апаттан кейін корпорация басшысы Лакшми Митталмен қош айтысуымыз керек дейді.

Олардың айтуынша, көмір шахталарындағы жабдықтардың жай-күйі, сондай-ақ өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың бей-берекет қысқартылуы осындай қайғылы оқиғаның орын алуына себеп болып отыр.

Бұған дейін Amanat партиясының депутаттары қаражат үнемдеп, отандастарымыздың өліміне әкеп соқтырарлық шешім қабылдайтын компанияның топ-менеджментін – шетелдік азаматтарын қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен еді. Бірнеше ескертуге қарамастан, трансұлттық компанияның басшысы, Миттал мырза отандастарымыз апатқа ұшырамауы, жарақаттанбауы және қаза таппауы үшін тиісті шара қабылдауға мүлдем тырыспады. Біз бұл сөзімізді Үкіметке қарата айтып отырмыз: есеп айырысатын кез келді – Миттал мырзамен жолымыз бір емес! Онымен қоштасатын уақыт келді!,

деп жазды Facebook парақшасында Ерлан Саиров пен Құдайберген Бексұлтанов.

Депутаттар Бас прокурорға жүгініп, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығын жауапқа тартуды талап етті.

Миттал үшін отандастарымыз жай ғана шығын материалы іспетті. Қынжылмай құтыла салады. Бізге мұндай инвестордың керегі жоқ,

деді депутат Снежанна Имашева.

Мәжілісмен Никита Шаталов өзінің Telegram арнасында Лакшми Миттал кейінгі жылдары орын алған барлық қайғылы оқиғадан қорытынды шығармағанын, ал компания менеджменті үшін отандастарымыздың қазаға ұшырап жатқаны және олардың денсаулығына ұдайы қауіп төніп тұрғаны маңызды мәселе емес екенін атап өтті.

Біз көмір өндіру және байыту, болат балқыту технологиясын дамытудың ондаған жылын жоғалттық. Ол аз болғандай, осы нысандарда отандастарымыздан айырылып қалып жатырмыз. Бұдан арылудың бір ғана жолы бар – мемлекет Митталдың компаниясын елден шығарып, Қазақстанның жер қойнауы мен отандық өнеркәсіпті пайдалануы туралы онымен жасалған барлық келісімді бұзуы керек. Бұдан былай мұндай сорақылыққа неге төзе беруіміз керек екенін түсінбеймін. «Арселор» отандастарымыздың өлімімен байып отыр,

деді депутат.

Айта кетейік, мемлекет басшысы «Қазақстан» шахтасында болған өртке  байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.   

Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал ететіні айтылды.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 18.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
  • Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
  • Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
  • Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
  • Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда

21.09.2023
Дін

«Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты

21.09.2023
Экономика

Код С5. Джо ағайдың сөмкесіндегі доллар кімге бұйырады?

20.09.2023
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясында қандай мәселелерді көтерді?

20.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?