Мобилизациядан кейін қанша ресейлік қазақ «қандас» мәртебесін алды?

2022 жылғы 1 қаңтар -18 қазан аралығы Ресейден келген мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Оның 592-сі 21 қыркүйекте Ресейде мобилизация жариялағаннан кейін қоныс аударғандар болып шықты. Бұл туралы Азаттық Радиосына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

LS басылымының мәліметінше, Астрахан, Орынбор, Омбы, Саратов, Волгоград, Челябі, Түмен облыстарынан оралған қазақтың көбі Астана (320 адам) мен Батыс Қазақстан облысы қалаларына (109 адам) қоныс аударған.

Цифрлық даму министрлігі де Астана, Алматы, Орал және Ақтөбе қалаларының қызмет көрсету орталықтарында қандастарға ЖСН, жеке куәлік, тұрақты тұруға рұқсат құжаты, қандас мәртебесі сияқты мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін тест режимінде жеке терезелер іске қосылғанын хабарлады.

Бұл тәсіл бізге барлық рәсімді кейде жеделдетуге мүмкіндік береді.

деді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, 21 қыркүйектен бері 2 177 шетел азаматы тұрақты тұруға құжат тапсырған. Оның ішінде 998-і — ресейліктер. Ал ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) алуға 200 мыңға жуық шетел азаматы өтініш берген.

21 қыркүйектен кейін 1 398 шетел азаматынан, оның ішінде 221 ресейліктен Қазақстан азаматтығын алуға өтініш түскен.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 14 715 адам қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 млн 101,2 мың этникалық қазақ оралған.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago