Журналист һәм блогер Гүлмира Әбіқай өзіне хат жолдап, жанайқайын жеткізген Нұргүл есімді бір келіншектің жазбасына бей-жай қарай алмаған екен.
«Не ақыл айтуға болады, тоқетер кеңесті сіздер айтарсыздар», деп әлгі хатты өз оқырмандарына ұсыныпты:
Молда байым жас қызбен көңіл көтеріп жүр. Өтім жарылып жылап отырмын.
Иə. Менің жолдасым имам, иманжүзді молда.
Бірақ бар айтатын сөзі – тоқал. Тоқал алу көкейін теседі.
Шариғат бойынша қатыннан рұқсат сұрауға болмайды екен деп, білгенін істеп жүре беретініне ашуым келеді.
Кеше кешіккен соң видеозвонокпен звондап едім, байқамай трубка көтерді. Сонда көрдім қасында қыз отырғанын. Кафеде көңіл көтеріп, күліп мəз болып отыр. Ол қыздың да отбасылы еркекпен көңіл көтеріп отыра бергеніне таң қалып отырмын. Ұйып отырған отбасын құртып. Бойдақ жігіт қалмағандай.
Ана қыздың фотосы да бар бірге түскен. Кəдімгі қарапайым ғана өз-өзін күтіп қалған əйел.
Біздің қоғамның ең осал тұсы – əйел адамының ешбір бағаланбайтыны. Кім жаман, əйелі жаман. Кім кінəлі, əйелі кінəлі. Туасың, оны өзің асырайсың, өзің тəрбиелейсің. Ал еркектер өз білгенімен жүре береді. Үйден қашып сыртта көңіл көтеріп.
Ақыл қосыңызшы, не істеймін,
деп жазған екен Нұргүл.