«Міржақып. Оян қазақ» фильмін көрген, алаш арыстарының ұстанымы, өмір-тарихы, күрескерлік, ағартушылық жолдарындағы еңбектерінен мағұлмат алғандары жақсы ғой.
Арабтардың құм даласындағы 10 ғасыр бұрынғы өтірік-шыны аралас оқиғаларды көзбен көргендей тамсанып тәпсірлей бермей.
Тек ертең уағыздарында «Міржақып дін жолында шаһид болған» деп ұрып отырмаса болды, бұлардың уағыздарынан да қорқатын болдық,
деп жазыпты Әмірболат Құсайынұлы.
Біз ешқашан көрмеген, қазақ деген ұлт барын білмеген сахабалар тарихын ас кезінде сапырып отырған молда қазақ батырлары, тарихы туралы ештеңе айтпады.
Содан, микрофонды алып, молдаға:
Бұл сахабалардың бізге қажеті қанша, біздің хандар, батырлар, билер, жыраулардың жолын, айтқан сөздерін, оқиғаларын неге айтпайсыңдар,
деп едім, жақпай қалдым, дейді Айбар Олжаев.
Себебі ол молда өз тарихымызды білмейді.
