Жеткізу мәселесіне байланысты МсDonald’s франшизасы Қазақстандағы жұмысын біржолата тоқтатынын мәлімдеді.
Қызметті қалпына келтіру және жаңа брендпен жаңа мейрамханаларды ашу күндері кейінірек қосымша жарияланады.
Қазақстандағы McDonald’s брендінің алғашқы мейрамханасы 2016 жылы ашылды. Елде жалпы 24 мейрамханасы болды. Олар Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында орналасты. Мейрамханалар 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтыған.