Кибершабуылдар Қазақстаннан тыс жерде жасалып жатыр. Әзірге қайдан және артында кім тұрғаны белгісіз.
Шабуылдардың себептері мен салдарын мемлекеттік техникалық қызмет жоюмен айналысып жатыр. Оларда бұл шабуылдардың алдын алуға қажетті барлық құрал мен ресурс бар. Ұйым осы киберқалқанды басқару үшін құрылған.
Бағдат Мусиннің айтуынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат әзірлеу үстінде.
DDoS-шабуылдардың қайдан жасалып жатқаны және оның артында қандай ұйым тұрғаны әлі белгісіз болып отыр.
Шабуылдарды ұйымдастыратындар прокси-серверлерді, VPN-серверлерін пайдаланып, барынша жасырын істеуге тырысады. Белгілі бір механизмдер арқылы олар анонимділігін сақтай алады. Сондықтан бұл шабуылдар Қазақстаннан тыс жерде жасалып жатыр деуге болады,
деді Бағдат Мусин.
Соңғы аптада аталмыш шабуылдар салдарынан мемлекеттік барлық ресми ресурстардың жұмысы тежеді. Тіпті рейстерге тіркеу мүмкін болмай, рейстер кешіктірілді. Интернетке де үлкен жүктеме түсті.