Бүгін мәжіліс отырысында Депутат Ринат Заитов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне қатысты сауал жолдай отырып, ұшақ бортына қазақтың ұлттық аспаптарын алып кіруге рұқсат беруді талап етті.
Қазір әуе компанияларында қазақтың ұлттық аспаптарына қарсылығы жоспарланғандай жүріп жатқан сияқты. Домбыра тек ағаштан жасалатын аспап, құрамында металл жоқ. Яғни ешқандай зияны жоқ аспап. Бұл мәселе бойынша әуе компанияларына дұғай-дұғай сәлем айтыңыз. Осы мәселені шешіп беріңіздер. Қазақтың ұлттық аспаптарын ұшаққа кіргізуге рұқсат берілсін. Егер қолдарыңыздан келмесе, бұл рұқсатты алмаса, онда Алматы мен Астананың әуежайына кемінде мың домбырашы шақырып «Адай» күйін ойнатып, жалынып сұрайық,
деді Заитов.
Айта кетейік, осыған дейін Fly Arystan әуе компаниясының қызметкерлері айтыскер қызды домбырамен ұшаққа кіруіне рұқсат бермеген еді.