Күні кеше Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде Төреғали Төреәлі кіші қарындасы Динаны ұзатты. Айтулы жиынға әнші ағасы өнердегі бар танысын жинап, қарындасын абыроймен ұясынан ұшыруға барын салды.
Әсіресе 19 жастағы аруға ата-анасы дайындаған жасауы жұрттың ерекше назарына ілікті. Желіде қыздың жасауын жеңгесі Толқын Төреәлі таныстырып тұрған видео тарады. Пакеттерге салынған киімдердің барлығы айтулы брендттерден жинақталған.
Толқын Төреәлінің айтуынша, қыздың дүниесі толығымен Ыстамбұлдан алынған.
«LOUIS VUITTON»-нан бір аяқ киім, екінші аяқ киім. «Valentino»-дан шляпа, «Gucci»-дан орамал, тағы бір орамалы «Fendi»-ден, бір сөмкесі «Fendi»-ден, мынау «Dior» орамалы, «Prada» орамал. «Vicroria Secret’s»-ті жақсы білесіздер, күнделікті әдемі пижамалары»,
деп таныстырды қайынсіңлісінің жасауын Толқын Төреәлі.
Видеомен телеграм-арнасында пиаршы Алишер Елікбаев бөлісті. «Бұл сыйлық па, жасау ма» деп сұрады ол өзінің оқырмандарынан. Оқырмандар бірден мұның қазақтың «жасауды таныстыру» салты екенін айтты. Сондай-ақ, бұл ғұрыпқа қатысты түрлі пікірлер жазды.
«Бөспелік жарқырап тұратын болса бізде ақ түндер болатын еді»
«Микрофонға айту керек, біреу-міреу естімей қалмасын»
«Бөспеліктен алдымызға жан салмаймыз»
«Салт-дәстүрмен ұзатылсам да бұлай жасауды таныстыруға тыйым салғам. Біздің отбасымызда киімнен бұрын адам құнды болатын»
«Әркім жағдайына қарай алады. Ала алса тіпті жақсы емес пе? Мықты болсаңдар сендер де алыңдар! Қызымды ұзатсам мен де осылай алар едім. Жасаудан үнемдеуге болмайды. Той жасамасаң да жасауын апаруға міндеттісің»,
деп жазды жазбаға оқырмандар.