28 қарашада Өзбекстаның Бұхара қаласында 2022 жылғы шілдеде Нүкісте болған оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша ашық сот басталды. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Әзиз Әбидовтің мәлімдеуінше, аталмыш іске қатысты ретінде барлығы 22 адам айыпталған.
Нүкіс оқиғасын зерттеген парламентттік комиссия сұрауымен Өзбекстан бас прокуратурасы айып тағылған тағы да 107 адамды «гуманизм принципімен» бостандыққа шығарған.
Айта кетейік, Қарақалпақстандағы заңсыз демонстрациялар 1 шілдеде сағат 15.00-де «республикада жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеу нәтижесінде» басталған.