Өткен аптада Әділет министрлігі, ҚР Қылмыстық кодексінен Назарбаевты көпшіліктің алдында қорлау және абыройына нұқсан келтіруге қатысты жауапкершілікті көздейтін бап алынып тасталуы мүмкін деген болатын. Осыған қатысты Facebook желісінде бірқатар жазбалар желдей есіп, халықтың талқысына түскен. Белгілі теолог, профессор Досай Кенжетайдың жазбасы да желіде қызу пікірталас тудырды.
«Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір мемлекеттік құндылықтарда ізі бар. Сондықтан Нұрекеңе өшігем деп, құндылықтарды өшіріп алмайық. Рас, отыз жыл уақыт — тарихымыз, Нұрекеңнің атымен байланысты. Байланыс деген — сабақтастық! Мемлекеттің сабақтастығы — ерекше құбылыс.
Оны ұғыну үшін де уақыттан бұрын, пайым керек. Сондықтан әнұран, мемлекет, шекара, жер, тіл, ту, елтаңба, ұлт, егемендік сияқты саяси платформалар Нұрекеңнің эпохасымен өлшенеді. Демек, бұл мәселеде де бірінші президентке басқаша ұстаным шарт. Келешекте ол өз орнын табады», — делінген жазбада.