Назарбаев канцеляриясының көлемі мен қызметкерлері қысқарған.
Сенат төрағасының айтуынша, канцелярияның көлемі қысқарған. Алайда оның нақты қанша екені белгісіз. Жұмыс істеп жатқан адамдардың саны да күрт қысқарған.
Бұл ретте батыс мемлекеттерінде АҚШ-тың мысалына қарауға болады.
Онда экс-президенттердің кітапханалары, музейлері, кішігірім аппараты болады. Бұл жалпы дамыған мемлекеттердегі бар үрдіс. Егер президент қызмет етсе, оның қағаздары мен кітаптары, 1-2 көмекшісі болуы мүмкін. Оның жанында жүретін адамдары болуы керек шығар.
Бұрынғыдай сіз айтқан миллиардтаған қаржы, функциясы бар, мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін институт туралы әңгіме жоқ. Онда канцелярия қазір жоқ. Адамдары қысқарған. Қаржы мәселеніне байланысты қаржы министрлігімен бірге бюджетті қарағанда алдағы уақытта талқылаймыз деп ойлаймын,
деді Мәулен Әшімбаев.